Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде бір мезгілде қазақ күйлері орындалды

Ашық дереккөз

Бүгін облысымыздың барлық беретін мектептерінің, колледждерінің және қосымша білім беру ұйымдарының 10 мың оқушысы сағат 12.00-де Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», А.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, «Күй күмбірі» атты домбырашылар республикалық челленджіне қатысты.

Іс-шара шара білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған.

Акция Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.