Қарағанды облысының тұрғындары ғашықтар күніне арналған отбасылық байқауға қатыса алады

Ашық дереккөз

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында 14 сәуірде сағат 15:00-де "Біз екеуміз" облыстық отбасылық байқауы өтеді. Ол ғашықтар – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне арналған.

Байқау үш кезеңнен тұрады: танысу, "Өнерлі жанұя" және "Дәстүр – асыл қазынам". Екінші турда қатысушылар өз шығармашылықтарын көрсетеді: ән айтады, билейді, монолог оқи алады, музыкалық аспапта ойнайды және т. б. Үшінші кезеңде қатысушы отбасымен ұйымдастырған ұлттық әдет-ғұрып түрлерін (сәлем салу, қыз айттыру, сүндет той, қалжа той, қазық майлау, бесікке салу, тымаққа салу) жаңғыртуы тиіс.

Міндетті талаптар:

- ән, музыкалық шығарма, монолог таза түрде, MP3 форматында жазылуы керек. Орындалатын шығарманың авторы мен қатысушылардың толық аты-жөнін көрсету қажет.

- фонограммамен (+) ән айтуға рұқсат етілмейді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 10 сәуірге дейін электрондық поштаға қабылданады: dkg.to@mail.ru. Өтінішпен бірге кәсіби отбасылық фотосуретті жіберу керек.

Байқау туралы толығырақ мына телефондар арқылы білуге болады: 8-702-164-81-87, 8-707-121-83-99 және 8-708-294-15-36.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Кеншілер мәдениет сарайы.