Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жол жүру 1 мамырдан басталады

Ашық дереккөз

Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жол жүру 1 мамырдан басталады, деп мәлімдеді бүгін брифинг барысында Қарағанды облысы Көлік басқармасының басшысы Әлібек Дүйсембеков.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтар күні Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар мен студенттер үшін қала бойынша жол жүруді тегін етуді тапсырған болатын.