Қарағандыда екі автобус соқтығысты

ашық дереккөз

Бүгін Қарағандыда көпірде екі автобус соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

 «Жол апаты салдарынан №41 автобустың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 15 жолаушы мен №146 бағыттың жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға кезінде №41 автобус бос болды», деп хабарлады Қарағанды ​​облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.