Қарағандыда ер адам көшеде үсіп қайтыс болды

Ашық дереккөз

Қарағандыдағы Крылов көшесінде ер адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап

"Ер адамның денесі бүгін таңертең (20 қаңтар – ҚазТАГ) табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жақсы киінген адам болған, ішімдік ішкен болуы мүмкін", - делінген жұма күнгі хабарламада.

Белгілі болғандай, түнде белгісіз адам жол жиегіне құлап, содан оянбаған.

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.