Қарағандыда орман алқаптарындағы өрт сөндірілді

Ашық дереккөз

Қарағандыдағы Осевая көшесінің жанындағы орман алқаптарындағы өрт ошағы оқшауланды.

1

«Бүгін біздің өрт сөндірушілер кезекті рет жоғары кәсіби шеберліктерін танытып, қаламыздың Осевая көшесінің маңында орын алған өрт ошағын ауыздықтады.

Өртті сөндіруге тікұшақ пен 260 адам жұмылдырылды. Жағдай бақылауда.

ТЖД хабарлауынша өрт өшірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала есептеулер бойынша өрттің жалпы ауданы 200 га құрап, 6 саяжай учаскесі зардап шекті», – деп хабарлайды Saryarqanews.kz.  Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің Facebook парақшасына сілтеме жасап.