Қарағандыда шетелден әкелінген  бірінші автокөлік заңдастырылды

Ашық дереккөз

Қарағанды облысында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру акциясы басталды. Таңнан бері қала орталығындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шетелден әкелінген көліктердің иелері келіп көліктерін заңдастыру жұмыстарын жүргізуде. Полиция, кендендік қызметкерлер және басқада мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері заңдастыруға келген көлік иелеріне құқықтық көмектер көрсетіп, Egov.kz электрондық порталына құжаттарын өткізіп, тіркеуге тұру бойынша көмектер көрсетілуде,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Қарағанды облысында шетелден келген 10 мыңға жуық автокөлік бар. Заңдастыру акциясы 1-ші шілдеге дейін жүргізілетін болады. Көліктерін заңдастырамын деген барша көлік иелерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында күтеміз. Бұл орталықта мамандардан кеңс алып, құжаттарын толық тексеруге мүмкіндік алуға болады. Көліктерді тіркеу критерилері бір, ол көліктің шетелде есептен шығуы және криминалдық есепте болмауы қажет,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Қәкімов.

Қарағандыда заңдастыру кезінде ең бірінші болып мемлекеттік тіркеу нөмірін алған облыс тұрғыны Мәрлен Наурызбаев.

-2022 жылы Грузиядан өзіне «Лексус» автокөлігін әкелгем. Бүгін заңдастыруға барлық құжаттарымды тапсырып, алғашқы жарнасын төлеп, көлігімді заңдастырдым. Қуаныштымын. Құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарымды қабылдаған барлық қызметкерлеріге алғысымды білдіремін,-деді Мәрлен Наурызбаев.