Қарқаралы ұлттық паркінде киелі аумақтарды тазарту бойынша сенбілік өтті

Ашық дереккөз

2023 жылғы 16 қыркүйекте Қарқаралы ауданының Жастар ресурстық орталығы белсенділермен және еріктілермен бірлесіп «Kieli Tabigat» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Қарқаралы ұлттық паркінде киелі аумақтарды тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Қарқаралы ауданында бірегей табиғат паркі ғана емес, ежелгі тарихтың ізі де сақталған. Осындай сенбілікке қатысу жастар үшін экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен қатар жастарға археологиялық ескерткіштермен және ежелгі заманнан бері қастерлі киелі орындармен танысуға мүмкіндік береді.
Сенбілікке 30 белсенді қатысты.
Біз бұны бірге жасадық! #Экология #KieliTabigat #ТазаҒаламшар #ЖастарЖасайды #ТазаБолашақҮшін