Қазақстан халқының 15%-ы – кедей

Ашық дереккөз

Отбасының цифрлық картасының деректері бойынша республикада көмекке мұқтаж 1 миллионнан астам отбасы бар.

Мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті кедейлікті анықтаудың көпөлшемді моделін қолдана отырып тағайындауды ұсынды

"Соңғы жылдары көптеген ел кедейлік деңгейін анықтаған кезде кедейліктің көпөлшемді моделін қолдануға тырысып жатыр. Яғни бұл адамдардың денсаулық сақтау, білім беру қызметтеріне қолжетімділігі, өз баспанасы мен тұрақты табысының болуы", - деді депутат.

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан халқының 15%-і – кедей.