Қазақстан халқының саны 20 млн-ға жетті

Ашық дереккөз

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл айтулы оқиғамен Мемлекет басшысы халықты құттықтады,-деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент Twitter-де.

Finprom.kz мәліметтері бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.