Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара сызығы ұзарады

Ашық дереккөз

Екі ел арасындағы шекара сызығы 5 шақырымға ұзарады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко мәлім етті.

«Кейінгі 19 жылдағы демаркациямен байланысты процестер кезінде шекара сызығы өтетін тұстар нақтыланды. Бұл мәселеде екі тараптың да жергілікті халқының мүдделері, шекара күзетінің қолайлы болуы ескерілді. Осылайша шекара сызығы 5 шақырымға ұзарып отыр. Нақты айтсақ, тұтас шекараның ұзындығы 2356 шақырым 666 метр болды. Осылайша 5 шақырымға ұзын бола түсті», - деді Роман Василенко Сенат отырысынан кейін.