Қазақстандық балуан Сергей Цырульников Бұқар жырау ауданының мектептерінде болды

Ашық дереккөз

Қарағанды облысының ауыл балаларына ерекше дене шынықтыру сабақтары ұйымдастырылды. "100 ауыл" жобасы аясында Бұқар жырау ауданына төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннесстің рекордтар кітабының рекордшысы, туризм және спорт министрлігінің ресми елшісі Сергей Цырульников келді.


Қазақстандық батыр Ботақара кентінде және Ақбел ауылында оқушылармен кездесті. Рекордшы балаларға спортпен шұғылданудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын айтты. 

Ол сондай-ақ өзінің әйгілі күш трюктерін көрсете отырып, шеберлік сабағын өткізді: жігіттердің көз алдында таға мен шегені бүктеп, жылытқыш бөтелкені шар тәрізді үрледі.

Шарадан естелік ретінде қонақтың қолтаңбасы ғана қалған жоқ. Сергей Цырульников Ақбел ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы мектепке доптар, теннис ракеткалары, волейбол мен үстел теннисіне арналған торлар, бокс тұлыбы мен қолғаптар, секіргіш, спорттық киім, тоғызқұмалақ, шахмат сында спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.