Қазақстандықтардың жалпы орташа табысы белгілі болды

Ашық дереккөз

Елімізде халық табысының 22,7%-ы әлеуметтік төлемдердің үлесінде, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қазақстандықтардың орташа есеппен жалпы табысы 962,5 мың теңге болды.

“Оның едәуір бөлігі еңбекақының (705,4 мың теңге немесе 73,3%) үлесінде. Тағы 218,2 мың теңге әлеуметтік төлемдердің үлесінде: зейнетақы – 176,7 мың теңге, жәрдемақы – 36 мың теңге, шәкіртақы – 4,8 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – 645 теңге. Олар жалпы кірістің 22,7%-ын құраған. Бұл үлес – 4 жылдағы ең аз мөлшер”, – делінген хабарламада.

Ең жоғары көрсеткіш 2020 жылы болды. Сол кезде халықтың бір бөлігіне жоғалған табысының өтемі ретінде 42,5 мың теңге (28,5%) төленді.

Екінші жағынан, бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен (15,1%) әлдеқайда көп.