Келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды

Ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге баратын ұшақ билеттері арзандайды. Бұл туралы индустрия министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Жауапты ведомство шетелдік лоукостерлерді тарту арқылы билет бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

Қазір министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ нақты қайсы екенін министр Өскенбаев жасырып қалды. Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді.

Ондай билет арзан болады дейді жауаптылар. Отандастардың Түркия мен Еуропаның кейбір елдеріне келесі жылы арзан бағамен ұшпақ.