Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың назарына.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 ҚРЗ 20-1-бабына сәйкес сайлауда қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі, ол үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1. Нысан бойынша өтініш.
2. Сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын Жарғыдан үзінді көшірме.
Республикалық ҚБ және КЕҰ құжаттарды – Орталық сайлау комиссиясына, өңірлік және жергілікті ҚБ және КЕҰ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына ұсынады.
Аккредиттеу ережелерімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: сілтеме бойынша өту.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
https://t.me/electionelection