Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,83 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445, 68 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 65 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446, 5 теңге.