Мемлекет басшысы: Енді аудан әкімдерін де сайлаймыз

https://www.akorda.kz/

"Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлайтын боламыз. Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында.