Мейрам күндері өрттің салдарынан 3 қарағандылық көз жұмды

Ашық дереккөз

21-23 наурыз аралығында аймақта өрт апаты көп тіркелді. Сонымен қатар, өрт салдарынан үш адам қаза тапқанын да хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Қарағандыдағы «Друшбы» көшесіндегі екі бөлмелі жер үйден өрт шығып, салдарынан 1966 жылы туған үй иесінің туысы оқиға орнында көз жұмды. Пештің жылыту жүйесі дұрыс жұмыс жасамай қалғандықтан соңы өртке ұласқан. Ал, адам көмірқышқыл газынан уланған.

Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылында ағаштан тұрғызылған сарай өртеніп, өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Нәтижесінде, зардап шеккендер жоқ.

Балқаш қаласы, Саяқ кентінде УАЗ автокөлігі өртеніп, өрт 6 шаршы метр аумақты жайлады. Сондай-ақ, Балқаш қаласындағы «Школьная» көшесінің бойында тұрғын үй ауласындағы гараж өртенді. Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер тіркелмеген.

Абай қаласында 5 қабатты үйдің 1 қабатынан өрт шығып, оқиға орнынан 9 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрттің шығу салдарын «тұрғындардың салғырттығы» деп отыр.