Мобилизациядан қашқан тізімдегі азаматтар Ресейге қайтарылады

Ашық дереккөз

Себебі оларға халықаралық іздеу жарияланған.Бұл туралы брифинг барысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Егер бұл қылмыстық құқық бұзушылық болса, бүгін Ресей тарапынан да, біздің тарапымыздан да күн сайын Минск конвенциясы аясында және біздің парламенттеріміз ратификациялаған құқықтық көмек көрсету аясында ұстап беру жүргізілуде», — деді Ахметжанов.

Сонымен қатар, Қазақстан ІІМ басшысы Ресей Федерациясына ішінара жұмылдыру жариялау үшін елге 98 мың ресейлік кіргенін атап өтті.