Мұхамедиұлының ісі: ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

ашық дереккөз

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысы бар Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды.

ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлы мен басқа да адамдарға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша тергеу жалғасып жатыр.

«Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрме жобасын іске асыру кезінде 221 млн теңге бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды.

Сот санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 айға қамауға алынды.