Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы кардиологиялық орталықтан шықты

Ашық дереккөз

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан шығарылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі РИА Новостиға сілтеме жасап.

"Пациент ауруханадан шықты", - деп агенттік дереккөзі қысқа жауап қайырды.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 20 қаңтарда 82 жастағы Назарбаевтың жүрегіне ота жасалып, оның сәтті өткенін айтқан болатын.

Кейін қазақстандық кардиохирург Юрий Пя елдің бұрынғы президенті үшін жоспарлы емдеу-диагностикалық процедура жүргізілгенін хабарлады.

"Бұл халықаралық номенклатура бойынша хирургия санатына жатпайды", - деді дәрігер.

Содан кейін Юрий Пя экс-президент өзін жақсы сезінетінін және сауығып кетуге ұзақ уақыт кетпейтінін атап өтті.