Петропавлда қар жауды

Ашық дереккөз

Түнде Петропавлда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушылары жауған қардың суреттерімен бөлісіп жатыр.

Қар басқан шатырлар, көліктер, орындықтар қыстың келіп қалғанынан хабар береді.

Петропавлда таңғы сағат 8:00-де термометр нөл градусты көрсетті. Қалада күндіз үш градус жылы болады.

Биыл қыркүйек айы солтүстікқазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы жылы, тіпті ыстық ауа райымен қуантқан болатын.

26 қыркүйек күні ауа температурасы күрт төмендеді. Апта өңірде толассыз жаңбырмен басталған еді.

Былтыр облыста алғашқы қар 28 қыркүйекте жауған болатын.