Президент сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық беретін заңға қол қойды

Ашық дереккөз

Президент сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық беретін заңға қол қойды,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

  • ауыр сырқатқа шалдыққан жағдайда оларға жазаны өтеу мерзімін кейінгі қалдыру құқығы беріледі;
  • сотталған адамды ауыр дертке шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімі дереу орындалады;
  • сотталған әйелдердің балаларын колонияда қалдыруға рұқсат ету мерзімі 3 жылдан 4 жылға ұзартылды;
  • бірінші рет сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасын бұрын сотталғандардан бөлек жерде өтейді.

Сондай-ақ, заңда азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу қарастырылған.