Республика күніне орай қанша күн демалыс беріледі

Ашық дереккөз

Қазан айында Республика күніне байланысты қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі "Ашық" НҚА сайтына сілтеме жасап.

"Биыл "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына 25 қазанды - ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізу жоспарланған. Ол биыл сейсенбі күнге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылды. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда", - делінген құжатта.

Сонымен, қазақстандықтар қазанның 23-25 күндері демалады.