Сайлау күні Қарағанды облысының қалаларында жол жүру тегін болады

Ашық дереккөз

Сайлау күні, 19 наурызда, Қарағанды облысының қалаларында автобустармен жүру тегін болады.

Қарағандыда бұл күні қала маңындағы № 71, 72, 73, 115, 117, 41, 495, 500А маршруттарды қоспағанда, қалалық маршруттармен тегін жүруге болады.

Қоғамдық көлік жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді.

Дүйсенбі, 20 наурызда автобустар штаттық режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Балқаш және Приозерск маршруттарында тегін жол жүру қамтамасыз етіледі.

Қалааралық маршруттарда, оның ішінде № 146, 121, 107, 122, 100, 127, 165, жол жүру қолданыстағы тарифтер бойынша ақылы болады.