Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды

Ашық дереккөз

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.