Теміртауда пәтер өртеніп, 1 адам қаза тапты

Ашық дереккөз

Кеше Теміртауда Уәлиханов көшесіндегі 5 қабатты үйдің 5-ші қабатындағы пәтерде өрт болды. Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, оқиға орнында 1956 жылғы ер адамның денесі табылған.

Өрт туралы хабарлама «112» пультіне 18:18-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер хабарлама келіп түскеннен кейін 24 минуттан соң келіп, өртті сағат 18:42-де ауыздықтаған.

ТЖД ақпараты бойынша, пәтерде болған өрт 5 шаршы метр жерді шарпыған. Үй заттары, тұрмыстық техника мен жиһаздар түгелімен жанып кеткен. ТЖД қызметкерлерінің күшімен кіреберіс пәтерлерден 4 адам құтқарылып, 2 адам эвакуацияланды. Ал, өрт ашық от көзі, яғни темекі тұқылынан шыққаны анықталды.