Тіл жегіш мокрица

Ашық дереккөз

Мокрица, тіл жегіш – балық біткеннің қорқынышты қас дұшпаны. Оның қандай тіршілік иесі екені аты айтып тұр. Шаянтәрізділердің бұл түрі - изоподтық паразит, олар балықтың тіліндегі қан тамырларды үзіп, тілін түсіріп тастайды. Олардың түрі шаяндарға ұқсас, аналықтары 2,5 см, ал аталықтары соның жартысы ғана болады. Бұл мокрицалардың 12 аяғы және алдында өте өткір әрі әлді қармауышы бар. Тіл жегіш  мокрица тарақанға ұқсас, ол әлдеқалай көлемін өзі өмір сүретін балықтың аузына сай ыңғайлайды.

 Олар өмірін аталық болып бастап, өмірінің соңғы цикліне қарай жынысын ауыстырады. Ол бірінші балықтың желбезегінде жүзіп жүреді де, кейін сол жерге жабысып орналасады. Жетілу процесі аяқталып, аталықтан аналыққа айналады. Желбезектен ажырап, тілдің бастауына қарай көтеріледі. Ол артқы аяқтары және әлді тырнақтарымен балықтың аузына жақсылап бекиді де сонда мәңгілікке орналасады. Содан соң балықтың тілін кесу үшін мықтап тістеп, тілді тесіп жібереді. Кесілген жерден қан сора бастайды да тілдегі қанның сарқылуына әкеледі. Осы себепті тіл солып, түсіп қалады. Тура осы кезде паразиттік изопод балық - қожайынының тілінің орнына жұмыс істей бастайды, ал балық осы процесс бойы тірі болады. Тіпті мокрица көп орын алса да балық осы «тілге» бейімделеді. Қожайын балықтың тілі - олардың ең алғашқы тағамы, балық аузында олар қалдық қан, шырышпен тамақтанады. Кейін балық не тапса, соны жеп, балықтың бейбіт өмір сүре береді. Бұл барлығынан бірге өтетін қожайын мен паразит арасындағы жақсы серіктестік секілді. Балық тілін жоғалта тұра, оған зияны тимейтіні, өлмейтіні таңғаларлық жағдай.

 Балық аузынан бөлек бұл паразиттер мұхитта кеңінен таралған. Әдетте олар қожайын іздеу мақсатында 2 - ден 60 метрге дейінгі тереңдікте жүзіп жүреді. Кейде паразит балыққа қарағанда ертерек өліп қалады.

 Олар балықтың тілін, оның тамақтарын ғана жеп қоймай, соның ішінде көбейеді. Балықтың желбезегінде жүрген аталықтармен қосылады да, ұрықтанған жұмыртқаларын кенгурудікіне ұқсас дорбада сақтайды. Аналық оларды туғанда паразиттер қожайын іздеп, жан - жаққа тарайды. Өмір циклы осылай жалғаса береді.

P.S Өз тілін білмейтін қандастарымыздың аузына осы мокрица кіріп кеткен жоқ па деп ойланасың кейде.

 

Ақерке Аянқызы