Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

Ашық дереккөз

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,3 магнитудасымен зілзала тіркелді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының ақпаратынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:45-те тіркелген.

Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан. Ошағы 6,94 шақырым тереңде жатыр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Ақпан айында болған табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.