Ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады

ашық дереккөз

Енді ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады.Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

«Заңға қосымша өзгеріс енгізіліп отыр. Әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3 процентін қайтаруы керек», - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады. Әр сағат үшін 3 проценті қайтарылмақ.