Ұстаздар күні енді 5 қазанда тойланатын болады

Ашық дереккөз

Биыл алғаш рет Ұстаздар күні – 5 қазанға бекітілді. Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. 

Бұл күні елордада Педагогтердің республикалық съезі өтеді. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Кездесу алаңында педагогтер ең озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады.