Коронавирустың алдын-алу шаралары

Ашық дереккөз

COVID-19  таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы шараларды сақтауды ұсынамыз:

- қолды жиі жуу,

- адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию,

- COVID-19  вакцинациясының толық курсынан өту керек, оның ішінде егудің толық курсы болса, қайта ревакцинация алу,

- мұрынның ағуы, түшкіру, температура сияқты респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмек шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Ынтымақты жауапкершілік қағидаттарына сәйкес - әрбір адам өзі үшін де, өзінің жақындары үшін де азаматтық жауаптылықта болады. Тек ортақ күш-жігердің арқасында біз "ұжымдық иммунитетті" қалыптастыра аламыз, осылайша коронавирустық инфекцияның жаңа толқынының өршуіне жол бермейміз.