Смайылов Қарағанды облысындағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

Ашық дереккөз

Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай орын алғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ал, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілектеспіз, - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Смайылов Премьер-Министр Кеңсесіне Үкіметтің таяудағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырды.