Алаяққа жарты миллион берген қарағандылық сан соғып қалды

ашық дереккөз

Алаяқ қарағандылық азаматты Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, ақшасын иемденіп алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық егенттігінің тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

51 жастағы жәбірленуші шетелде жұмыс жасап, қаражат тапқысы келген. Таңдауы Оңтүстік Кореяға түсіпті. Ал ол елге бару үшін виза керек. Құжат дайындап жүріп «аузымен орақ оратын» маманға тап болды. Күдікті уәдені үйіп-төккен және өз жұмысы үшін 475 мың теңге сұраған. Қажетті соманы алып алғаннан кейін жігіт бірнеше рет хабарласып, бір аптада дайын болады деп сендірген. Алайда үш күннен соң күдікті телефонын сөндіріп, байланысты үзіп тастайды. Өзінің алаяққа алданып қалғанын түсінген азамат бірден құзырлы органға келген. Жедел-іздестіру шаралары кезінде 26 жастағы қарағандылық ұсталды. Ол өз қылмысын толықтай мойындады.