Президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

ашық дереккөз

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өткен Жолдауында кезектен тыс сайлау туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, Президент өзінің қазіргі өкілеттілік мерзімінің қысқаратынына қарамастан үміткер болатынын мәлімдеді. 17 қыркүйекте Конституцияға қосымша өзгерістер енгізілді. Онда енді Президент бір рет қана 7 жылға сайланатыны туралы жазылған. Заң 19 қыркүйектен бастап күшіне енді.