ТОП-7 деректер топтамасы : Майқұдық

LIFE09

life09 топ-7 деректер топтамасын ұсынады. Бүгін 90 –шы жылдары күллі Қарағандыға аты шыққан Майқұдық туралы айтамыз.

Майқұдық – Қарағанды қаласының құрамына кіретін шағын қалашық. Шаһардың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Майқұдық солтүстік-шығысы мен шығысында өнеркәсіп орындарымен, батысында Қарағанды—Астана темір жол магистралімен, оңтүстік-шығысында қаламен шектеседі. Майқұдық 1930 жылдары ауыл ретінде пайда болды. Көмір бассейнін игеруге байланысты Майқұдық шағын қабатты үйлері бар жұмысшы кентке айналды. 1972 жылдан бастап Майқұдық перспективалық жоба бойынша салынып, басты көшелер мен магистральдар кайтадан тұрғызылды.

 

Деректер:

1.Алғашқы деректі әрине 90 жылдардағы Майқұдықтан бастаймыз. Одақ тарап,елді жұмыссыздық жайлаған уақытта Майқұдық еліміздегі ең криминалды аудандардың біріне айналды. Сол жылдары мұнда адам өлімі жиі тіркеліп, қылмыстық топтардың қақтығысы болып тұратын. Тіпті 2000 жылдардың басында да Мамлюктер, Азиаттар, Востоктың жігіттері, ББС сияқты шағын бригадалар болған. Кейіннен заман түзеліп, көше мәдениеті деген ұғым біржола жойылды.

2.Майқұдықтың аты әлемге танымал боксшы Генадий Головкинмен тығыз байланысты. Себебі Гена осы бір шулы шағын ауданда туып , спорттық мансабын бастаған. Чемпион бір сұхбатында "Майқұдықта өспегенде, менен мықты спортшы шықпас еді" деген.

3.Аты шулы Майқұдық автобекетін елдің бәрі біледі. Бұл жер өзінше бір өзгеше әлем. Қаладан келетін қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасы болғандықтан, Майқұдық автобекетіндегі тіршілік ешқашан тоқтамайды. Күндіз бұл жерде шағын дүңгіршектер мен дүкендердің жұмысы қызса, кешкісін жастардың арбатына айналады. Бұл жерде не жоқ дейсің. Атақты 40-шы,43,56 автобустардың соңғы аялдамасы осы жер.

4.Майқұдықта шағын аудандарға бөлінген. Кезінде бұл аудандардың жастары тікелей мағынасында жауласқан. Ең атақтылары түпке қарай орналасқан 12,123,14,15,16,17-ші шағын аудандар. 90-шы жылдары аталған аудандардағы криминалды ахуал өте нашар болған. Қазір бәрі тыныш.

5.Майқұдық орталық саябағы. Орталық саябағы деп аталғанымен бұл саябақ ең шеткі ауданда орналасқан. Бұрын бұл жер төбелестің орны болса, қазір жастардың демалатын орнына айналған. Айта кетейік, жылдар бойы жөндеу көрмеген бұл саябаққа биыл күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Қуаныштымыз.

6.Майқұдық бір-біріне жалғасқан Карл Маркс, Магнитагорск көшелерін бойлай орналасқан. Негізінде көшеге бір-ақ атау бергенде Қазақстандағы ең үлкен даңғылдарының бірі болар еді.

7.Майқұдық атауы криминалмен тікелей байланысты болғанымен, қазір мұнда жағдай мүлде басқа. Өзінше жеке қалаға айналып барады. Былтыр қалашықтағы барлық көшенің жолдары 100 пайыз жөнделді, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Мұнда тұратындардың дені ауыл аймақтан келген қарапайым отбасылар. Аты қала болғанымен, адамдардың көңілі ауыл халқындай жайдары, қонақжай. Өте қонақжай.