Инаугурацияға қосымша қаражат бөлінбейді

ашық дереккөз

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президентті ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейтінін мәлімдеді.

 «Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді», деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер қойған сауалға.

Айта кетсек, Президентті ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.