Лас миллиондар...

https://kinogo.zone/

Қоғамда  телефон алаяқтарына, интернет алаяқтарына алданып қалған адамдардың қатары едәуір. Алаяқтар әр жолы әр түрлі ақпараттарды пайдалана отырып, өз дегендеріне жетуде. Алданғандардың көбі өз-өзін кінәлап, кейбір жекелеген жағдайларда оқиға соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуда.

Қарағанды бойынша соңғы 10 айда алаяқтарға 851 адам алданған. Бұл ресми мәлімет. Полицияға шағымданбаған адамдардың да барын есептесек алданғандардың саны бұдан екі есе көп болуы мүмкін.

Жалпы, бұл тұрғыда түрлі роликтер, хабарламалар түсіріліп, телеарналардан, әлеуметтік желілердегі түрлі пабликтерден, оның ішінде ІІМ қарасты аккаунтардан да көрсетілуде. Бірақ, алдаушылар да алданушылар да толастар емес.

Бұндай оқиғалар тек біздің елде ғана орын алып жатқан жоқ. Фишинг (интернет алаяқтық) әлем бойынша жиілеп кеткен қылмыс түріне жатады. Осы орайда Оңтүстік Кореялықтар тамаша кино түсірген екен. Адамдарға алаяқтардың қалай жұмыс істейтіні мен оларға алданып қалудың соңы қандай қайғылы жайттарға әкелетінін дәл бейнелеген. Киноның аты кино. Ол - көбіне хеппи эндпен аяқталады. Сондықтан да былайғы өмірде алаяқтарға алданбауға тырысыңыздар.

Фильмді тамашалау үшін сілтемеге өтіңіз (алаяқтық сілтеме емес).