Соңғы тәулікте 92 адамнан коронавирус анықталды

Ашық дереккөз

Өткен тәулікте 92 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қарашадағы мәлімет бойынша, 771 адам коронавирус инфекциясынан (–617 + және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 120 пациент стационарда, 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

6 адамның жағдайы ауыр,

2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.