«5 млн.»: «Келінжан» телехикаясындағы актерлердің гонорары белгілі болды

Ашық дереккөз

«Продюсері Гүлнұр Мамасарипова елімізге кеңінен танылып, көпшіліктің көңілінен шыққан "Келінжан" телехикаясының актерлері қанша гонорар алғанын айтты. Динара Сәтжанның бағдарламасына сұхбат берген продюсер кей актерлердің бір күндік қаламақысы 200 мың теңгеге жуықтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Динара Сәтжан сұхбат барысында продюсерден "Дариға Бадықтың гонорары қанша болады?", - деп сұраған.

Ал Мамасарипова "Келінжан" телехикаясының төртінші маусымында актерлердің гонорары өте жақсы болғанын айтты.

"Дариға Бадықованың өзінен сұраңыз. Жалпы "Келінжанның" төртінші маусымындағы бас кейіпкерлердің гонорары өте жақсы болды. Екі кішкентайдан басқасының гонорары 5 млн теңгеден кем емес.

Олар енді 2-3 айлап жүрмейді ғой. 20-25 күн болуы мүмкін. Сонда өзіңіз есептеп көріңіз, гонорар күніне 200 мың теңгеден кем емес. Жалпы одан да қаламақысы жоғары актерлер бар. Күніне 1000 доллар гонорар алатындар бар", - деді продюсер.