Коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

Ашық дереккөз

Соңғы тәулікте 175 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан – 1 255 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 192 (КВИ-), барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Айта кетейік, 5 желтоқсандағы тәулік ішінде коронавирус - 140 адамнан, 4 желтоқсанда 114 адамнан анықталған болатын.