«Мың бала» республикалық байқауының жеіңімпаздарымен кездесу өтті

Ашық дереккөз

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық  жобасының жеңімпаздарының  баспасөз конференциясы өтті.

Достық үйінде өткен шараның басты мақсаты мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады.

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасында жеңімпаз атанған Қарағанды облысының екі өкілі - «Өнер алды - қызыл тіл» номинациясы бойынша Қарағанды қаласындағы «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ-нің оқушысы Виктор Каверин және «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша Теміртау қаласындағы «SOS Теміртау балалар ауылы» ЖББМ-тің оқушысы Лида Арешинамен кездесу өтіп, жеңіске жету жолындағы дайындығы, мемлекетттік тілді қалай меңгергені және "Мың бала" жобасы аясында сұхбаттасу өтті. Сондай-ақ, түрлі этностардың балалары мен жастарының мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру арқылы толеранттылық, өз ошағыңды құрметтеу, туған жерге деген сүйіспеншілік, ана тілге деген құрмет және қонақжайлылық пен адамдар арасындағы қарым - қатынастың маңыздылығын насихаттау.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап іске асырылуда.