Суреттер сыр шертеді

@eskisuret

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Өткен күннің өзекті оқиғалары жылдар өте халық жадынан ақырын өше береді. Кейде ғасыр бұрынғы еліңді, туған қалаңды, айтулы тұлғалардың бейнесін көргің келеді. Осы мақсатта «Суреттер сыр шертеді» айдарын ұсынамыз. Апта сайын ескі суреттермен бөлісіп, шағын анықтама беріп отырамыз.

1893 жыл. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің төбесінен қарағандағы Түркістан қаласы.

 

1913 жыл. Арал вокзалы алдындағы қазақтар.

 

Кенжеғали Айшуақұлы. 1871 жылы Бөкей ордасының Бірінші Теңіз жағалауы округінде дүниеге келген. 1899 жылы Бірінші Теңіз жағалауы округі 4-старшындығының имамы болып сайланған.

Сурет Астрахан облысының мемлекеттік архивінен алынды. Фото авторы – С.Климашевская. Астрахан, 1900 жыл.

 

Шымкент қорғасын зауыты. 1939 жыл.

 

Шұбарқұдық кенішінің жұмысшысы К. Бегембетова, 1943 жыл.

 

Теңіз мұнай кенішінің №37 шыңырауындағы өрт, 1985 жыл. Өрт 398 (үш жүз тоқсан сегіз) тәулікке созылды.

 

1965, Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы.

Қыста ДТ-54 тіркемесімен алыс ауыл балаларын сабаққа апара жатыр

 

 

 

 

Суреттер @eskisuret telegram каналынан алынды