Даудың басы Ұлытаудың төлтаңбасы...

https://www.elana.kz/wp-content/uploads/2021/06/96411ecf-de60-42d2-b9c2-47814c2ad288.jpg

Ұлытау облысының төлтаңбасы(логотип) бекіді деген қуанышты хабардың ғұмыры ұзақ болмады. Әлеуметтік желіде облыс тұрғындары және өзге қалалардағы желі қолданушылары бекіген төлтаңбаның сәттілігіне күмәнмен қарайтындығын жаппай жазды. "Бақсақ бақа екен" демекші түбін қуалай келе бұл таңбаның дайын логотиптер базасынан алына салған сурет екені де белгілі болып қалды.

Көпшіліктің пікірін ескерген әкімдік 19.01.2023 жылы түске таман төлтаңбаның ауысатындығын ресми мәлімдеді.   

"АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Облыс Төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.

Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.",- деп жазды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми парақшасы.