Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды

ашық дереккөз

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.

Өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Заңдастыру үшін:

– Көлік елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы;

– Криминалдық есепте болмауы;

– Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылуы;

– Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек.

Айта кетейік, заңдастыруға рұқсат етілген жағдайда көлікті алғашқы тіркеу құны – 200 000 теңге.