Белгілі әнші Сейіл Аяған өмірден озды

ашық дереккөз

Танымал әнші-композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүние салды.

Сейіл Аяған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылтау совхозында дүниеге келген. Әнші өнер сүйер қауымға «Жас қалам», «Таң самалы»,  «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің орындаушысы ретінде танымал.

LIFE09 ақпарат агенттігі әншінің отбасын, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады!