Қарағанды облысында қоғамдық көлікте жаңа жеңілдіктер қолданыла бастады

ашық дереккөз

1 наурыздан бастап көп балалы аналар, бірінші топтағы мүгедектер және 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Қарағанды облысында қоғамдық көлікте жол жүруге қосымша жеңілдіктер алды. «Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы – Бақытты ел» Жол картасына сәйкес жаңа жеңілдіктер пайда болды.

Қала маңындағы маршруттарда тегін жүру құқына келесі санаттар ие:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

- бірінші топтағы мүгедектер.

Бұл ретте аталған барлық санаттарға Қарағанды автобустарында тегін жол жүру үшін бұрын алынған «Әлеуметтік» көлік карталарын пайдалануға болады.

Қала маңындағы маршруттарда тегін жүру үшін бақылаушыларға анықтамалар мен жеңілдіктер туралы куәліктерді (түпнұсқа) көрсету қажет.

Жақын арада арнайы карталар тегін ресімделеді.

15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге келетін болсақ. 1 наурыздан бастап оларға жол жүру құнының 50 % мөлшерінде жеңілдік берілді. Бұған дейін Қарағандыда бұл санат 80 теңгеден жол ақысын төлеген болатын.

«7–15 жастағы балалар» картасы бар адамдар үшін жеңілдік автоматты түрде ұзартылады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Карта 18 жасқа дейін жарамды болады.

15 жасқа толған және «Балалар» картасы бұғатталған, бірақ қолында бар болса, бұл жолаушылар 1 наурыздан кейін оны іске қосуға өтініш беруі керек. Бұл қызмет тегін.

Өтінішті Коммуналдық к-сі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан ONAY! қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ жеңілдікті карталарды ресімдеу және беру нүктелерінде жазуға болады:

- Open Karaganda – Назарбаев көшесі, 39;

- «Умай» СҮ – Карл Маркс көшесі, 9;

- «Молодежный» МҮ – Металлистов көшесі, 24/2.

Өзіңізбен бірге туу туралы куәлік немесе жеке куәлік болуы керек.

Осыған дейін «Балалар» картасы болмаған немесе 15 жасқа толғаннан кейін оны жоғалтып алған балаңыз үшін жаңа картаны сол мекен-жайлар бойынша жасауға болады.

Картаның құны – 500 теңге. Тіркеу үшін сізге 3х4 түрлі-түсті фотосурет және туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (16 жасқа толғандар) қажет.

ONAY! негізгі қызмет көрсету орталығының және филиалдардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері 09:00-ден 18: 00-ге дейін.