«Оскар» сыйлығының иегерлері белгілі болды

ашық дереккөз

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды.

Алғашқы марапатталғандар:

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирланд тілінде қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм –«Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий -«Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс- «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән- үндістандық RRRфильміндегі «Naatu Naatu» әні.