Сайлау науқаны: дауыс беру кезінде нені білу керек?

ашық дереккөз

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Сайлаушыларға арналған шағын жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Қандай құжаттар керек?

Әр сайлаушы жеке дауыс беретінін білуі керек. Сайлау бюллетенін алу үшін жеке куәлік болуы керек. Дауыс беру тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер құратын сайлаушылар тізімі бойынша жүргізіледі. Оған белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары кіреді: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмағандар.

Дауыс беру қалай өтеді?

Сайлау бюллетені сайлаушыға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Келесі кезекте сайлаушы бюллетеньді алғаннан кейін тізімге қол қояды. Сайлаушылар бюллетеньдерді жасырын дауыс беру кабинасына кіріп, толтырады.

Дауыс беру бюллетенінде сайлаушы кандидаттың тегінің немесе өзі дауыс беретін саяси партияның атауының оң жағына не "Барлығына қарсы" жолының оң жағындағы ұяшыққа кез келген белгіні қояды. Сайлаушы толтырылған бюллетеньді сайлау жәшігіне салады.

Дауыс беретін учаскені қалай анықтауға болады?

Астанада өзіңіздің сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты онлайн, sailau.astana.kz веб-сервисі арқылы ала аласыз; 

Алматыда Telegram-да almaty_sailau2023_bot бар, сондай-ақ 1315 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Шымкент – iKomek байланыс орталығы 109 нөмірі бойынша жұмыс істейді.

Ақмола облысы - izbirateli.akmo.kz сайты.

Ақтөбе облысы – aktobe.gov.kz сайты, сонымен қатар Telegram-да Akimat04bot бар

Алматы облысы – zhetysu.saylaw.kz

Атырау облысы - sailau.atyrau.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы - e-vko.gov.kz

Жамбыл облысы – zhhambyl.gov.kz

Батыс Қазақстан облысы – бірыңғай байланыс орталығы +7 (7112) 109, Орал қаласының тұрғындары үшін Smart Uralsk қосымшасы және телефоны + 7 (71112) 500255

Қарағанды ​​облысы - e-krg.gov.kz

Қостанай облысы - uch.kostanay.gov.kz

Қызылорда облысы - saylau.orda.gov.kz

Маңғыстау облысы - анықтама телефондар:

Ақтау +7 (7292) 33-65-20;

Жаңаөзен +7 (72934) 7-96-57,7-96-58;

Мұнайлы ауданы +7 (7292) 46-62-34;

Маңғыстау ауданы +7 (72931) 2-12-86;

Түпқараған ауданы +7 (72938) 2-26-45;

Бейнеу ауданы +7 (72932) 2-11-28;

Қарақиян ауданы +7 (72937) 2-21-91.

Павлодар облысы - gov.kz.memleket.entities.pavlodar

Солтүстік Қазақстан облысы - izbiratel.sko.kz

Түркістан облысы – 109 байланыс орталығы, Telegram-бот tur_saylaw_bot

Сайлау күні не істеуге тыйым салынады?

Сайлаудың міндетті талаптарының бірі - дауыс беру рәсімі. Дауыс беру рәсімі жабық кабинада өтеді, онда сайлаушыдан басқа ешкім болмауы керек. Қарауға да тыйым салынады. Сайлау учаскелерінде тек аккредиттелген журналистер ғана фото және видео түсіре алады.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтуі тиіс. Мәжіліс сайлауымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлауға 7 саяси партия жіберілді. Бұл ретте Қазақстан бойынша бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылса, оның 525-і өзін-өзі ұсынғандар.