Шахтинск қаласында жаппай төбелес пен атыс болды

Ашық дереккөз

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында төбелес болып, полицияға қару қолдануға тура келді деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Тұрғындар жергілікті дәмхана маңында атыс дауысын естігенін мәлімдеген. Полиция мәліметінше тәртіп сақшыларының бірі ауаға оқ атқан.

"22 наурызда Шахтинск қаласы полиция бөліміне мекеме маңында жанжал туындағаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Анықталғандай жанжал белгісіз адамдардың арасында туындаған. Ауыр салдардың алдын алу үшін полиция қызметкері ауаға оқ атты", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта төбеле қатысушылары полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр.